«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектебімізде желтоқсанның 27-28 күндері 1-2 сынып оқушылар арасында жаңа жыл мерекесі өткізілді. Мереке қарсаңында мектеп залы әсем безендіріліп шырша құрылды.Мектептің безендірілуіне және мерекенің өтуіне 1-2 сынып оқушылары белсене қатысты. Мерекелік бағдарлама барысында жаңа жылдық көріністер қойылып, көңілді флешмоб өткізілді. Оқушылар қызықты қойылымдар тамашалап, ән айтып, би биледі. Аяз ата мен ақшақар оқушыларға арнайы тәтті сыйлықтар таратып, жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады. Жиналған қауым өте жақсы көңіл күйде болды. Нәтижесінде, мектебіміздің жаңа жылдық мерекесі «өте жақсы» деңгейде өтті.