Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Білімді ел

block1_eop.jpg?_=1495530396

BILIM LAND

block2_eop.png?_=1559641449

введите текст

введите текст

Бүгін, 2024 жылғы 6 сәуірінде сағат 13-00-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқыны салдарынан туындаған күрделі жағдайға байланысты сөз сөйледі.

Бүгін, 2024 жылғы 6 сәуірінде сағат 13-00-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқыны салдарынан туындаған күрделі жағдайға байланысты сөз сөйледі. Жолдауда Мемлекет басшысы мұндай су тасқыны соңғы 80 жылдағы ең ірі тасқын болғанын айтты. Ол жағдайдың жеке бақылауында екенін айтылды. Төтенше жағдайлар министрлігінің барлық ресурстары, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық ұланның, Қарулы Күштердің және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің күштері апатпен күресуге жұмылдырылды. Зардап шеккен облыстардың әкімдіктері тәулік бойы жұмыс істеп, бірнеше ондаған мың еріктілер жергілікті жерде оларға үлкен көмек көрсетіп жатқанын және ең бастысы, адам шығынының алдын алу керек екенін жеткізді. Президент зардап шеккендердің барлығына қаржылай және басқа да қажетті көмек көрсетілетінін айтты. Сондай-ақ, Ел басшысы тек ресми ақпарат көздеріне сену керек екенін атап өтті. Біз бірге бұл апатты міндетті түрде жеңеміз!


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь