«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Әлемде құстарды кездестіруге болмайтын бұрыш жоқ. Құстар бізге керемет табиғаттың бір бөлігі ретінде қымбат. Олардың әуезді, көңілді, дауысты әндері табиғатты жандандырады, бізге күш пен қуаныш сыйлайды. 01.04.2024 ж. "Ақан мектеп-бөбекжай-бақша кешені" КММ-де жоспарға сәйкес бастауыш мектепте Құстар күніне арналған сынып сағаттары өтті. Оның мақсаты балаларды құстар күні мерекесімен таныстыру, балалардың экологиялық сауаттылығын дамыту, қоршаған әлемге деген қызығушылықты қалыптастыру, табиғатқа ұқыпты қарауға деген ұмтылысты тәрбиелеу болды.