«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Солтүстік Қазақстан облысының "АТЕNK" ағылшын тілі мұғалімдерінің қауымдастығы және "Union" ағылшын тілі мұғалімдерінің қауымдастығының ұйымдастыруымен шетел ән мәдениетімен танысу, сондай-ақ ағылшын тілін оқытуды қызықты әрі табысты етуге ұмтылуда бастамашыл мұғалімдерді қолдау мақсатында Петропавл қаласында "English Song Contest 2024" облыстық ән байқауы өтті.
Солтүстік Қазақстан облысының "АТЕNK" ағылшын тілі мұғалімдерінің қауымдастығы және "Union" ағылшын тілі мұғалімдерінің қауымдастығының ұйымдастыруымен шетел ән мәдениетімен танысу, сондай-ақ ағылшын тілін оқытуды қызықты әрі табысты етуге ұмтылуда бастамашыл мұғалімдерді қолдау мақсатында Петропавл қаласында "English Song Contest 2024" облыстық ән байқауы өтті. Ауданымыздан байқауға Саумалкөл қазақ орта мектебінің 7 сынып оқушысы Жұмабай Іңкәр қатысты. Байқау қорытындысы бойынша Іңкәр ІІІ дәрежелі диплом иегері атанды. Ән байқауының жеңімпазын құттықтаймыз! Барлық көрермендерді және әділ қазылар алқасын таланттарымен, қабілеттерімен және мүмкіндіктерімен таң қалдыра отырып, табысқа жетуді жалғастыруды тілейміз.