Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Білімді ел

block1_eop.jpg?_=1495530396

BILIM LAND

block2_eop.png?_=1559641449

введите текст

введите текст

Ағымдағы жылдың 1 наурызында № 2 Саумалкөл мектеп-гимназиясының базасында дене шынықтыру мұғалімдеріне арналған «Дене шынықтыру сабақтарында және сабақтан тыс жұмыстарда заманауи құзыреттіліктерді қалыптастыру» тақырыбында аудандық семинар-практикум өтті.

Семинар барысында: Саумалкөл ҚОМ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Шаймергенов Е.Е «Ұлттық ойындарды жетілдіру, асық ату және бес асық ойыны мен ережесі» тақырыбында мастер-класс көрсетті, Саумалкөл №1 ОМ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Скворцов Н. Н «Авторлық әдістемелік жұмыс жасау» тақырыбында авторлық жұмыс көрсетті, Елецкий ОМ дене шынықтыру мұғалімі Ролеф Г.В «Жазғы және қысқы туризмнің дағдылары мен дамуы» тақырыбы бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Бұдан әрі дөңгелек үстелде мұғалімдер дене шынықтыру және денсаулық мәдениеті мен эмоционалдық салауаттылықты қалыптастыру бойынша нысаналы бағдарларға қол жеткізу үшін оқу қызметін ұйымдастыру нысандары туралы білімдерін өзектендірді. Семинар жоғары әдістемелік деңгейде өтті.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер

Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь