Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Білімді ел

block1_eop.jpg?_=1495530396

BILIM LAND

block2_eop.png?_=1559641449

введите текст

введите текст

Қазақстан Республикасының Алғыс айту күніне арналған облыстық ең үздік эссе байқауы өтті

Қазақстан Республикасының Алғыс айту күніне арналған облыстық ең үздік эссе байқауының аудандық кезеңінде 6-сынып оқушысы Еқсан Сара 3 орын, 8-сынып оқушысы Биржанова Самира 2 орындарға ие болды. Жетістіктерің құтты болсын 👏👏👏
1-наурыз Қазақстанда алғыс айту күні деп жарияланды. Бұл мереке 2016 жылдан бастап атап өтіліп келе жатқандықтан, әлі жеткілікті дәрежеде танымал болмады. Алайда, ол күннің маңызымен алдымен жас ұрпақ танысып жатыр. Қазір мектептерде міндетті түрде осы күннің тарихымен танысу сабақтары өтеді, бұл мейрамға БАҚ-та үлкен көңіл бөледі. 
2016 жылы 14 қаңтарда елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясының отырысында 173 жарлыққа қол қойып, 1 наурызды елімізде алғыс айту күні ретінде жариялаған еді. Алғыс айту күні күрделі заманды иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күні.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь