Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Білімді ел

block1_eop.jpg?_=1495530396

BILIM LAND

block2_eop.png?_=1559641449

введите текст

введите текст

4 "Б" сыныпта бүгін математика сабағы квест-ойын әдісі бойынша өтті.

19.01.2024 ж.
№2 Саумалкөл мектеп-гимназияда бастауыш сынып онкүндігі аясында 4 "Б" сыныпта бүгін математика сабағы квест-ойын әдісі бойынша өтті.
Оқушылар сабақ барысында саяхаттауға мәжбүр болды, бірақ белгілі бір аралға жеткенге дейін олар тапсырмалары дұрыс орындап, кедергілерден өтулері керек болды..
Сабақтың барлық кезеңдерінде оқушылар ғылыми-зерттеу сипатындағы практикалық іс-әрекеттерге қатысты, проблемалық жағдайлары бар логикалық сұрақтарға жауап беріп, танымдық және ақыл-ой әрекеттерін арттырды. Жаксыбаева Роза Муратовна сан алуан және қызықты тапсырмаларды, дидактикалық ойындарды қолдануға тырысып, балалардың дербестігі және жағымды эмоционалды көңіл-күйлерін күшейтті. Әрбір оқушы үшін сәттілік жағдай жасалды, олардың мотивацияларын арттыруға және оқуға деген танымдық қызығушылықтарын сақтауға көмектесті.
Балаларға "Жол белгілерін дұрыс ата" тапсырмасы ерекше ұнады.
Сапар соңында балалар мадақтама қағаздарымен марапатталды.
Алиева Нина Ивановна, бастауыш сынып мұғалімдерінің ӘБ жетекшісі.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь