«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Ақан мектеп-бөбекжай-бақша кешені» КММ-де педагог-психолог мектеп-интернатының оқушыларымен арт-терапия элементтерімен сабақ өткізді. «Мен және менің рефлексиям». Мақсаты: Өзіндік санасын дамыту, өзіне деген сенімділігін арттыру, жеке тұлғаны дамыту, шығармашылық қабілетін дамыту. Міндеттері: мазасыздану, психоэмоционалды күйзеліс деңгейін төмендету, өзін-өзі бағалауды арттыру, әлемді жақсы қабылдауды дамыту, өзін-өзі шығармашылықпен көрсету, коммуникативті дағдыларды дамыту. Сабақ барысында балалар «Орын ауыстырайық, кімнің...», «Менің рефлексиям», «Мен» ыдысын жасау», «Тілек ағаштары» жаттығуларын орындады.