«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қарақамыс негізгі мектебінде «Даналық мектебінің» жоспарына сәйкес «Ағасы бардың – жағасы бар» атты талқылау сағаты болып өтті. Мақсаты: Ағалардың іні-қарындасы алдындағы жауапкершілігін арттыру. Сабақ барысында әкелермен бірге балалар да олардың ағалары да талқылау жағдаяттарына белсене қатысты. «Ағаның ақылы», «Жасөспірімге ағаның берер кеңесі» тақырыптарында талқылау жұмысы сәтті шықты.