«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ұстаздар мерекесі күні қарсаңында Дауқара орта мектебі " Ұстаз -ұлы тұлға" атты мерекелік іс-шара өтті. Сонымен қатар осы ұжымда көп жылдар бойы еңбек еткен зейнеткер ұстаздарға мерекелік кеш ұйымдастырылды. Кеш барысында оқушылар тарапынан ұстаздарымызға жылы лебіздер айтылды. Кәсіподақ ұйымының атынан сыйлықтар табысталды.