«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Оқу мектебі» жобасы аясында «Ақан мектеп-бөбекжай-бақша кешені» КММ-де 29.11.2023 жылы «Әдебиет қаһармандары шеруі» өтті.Басты мақсат - әдеби кейіпкерлерді көрсету, олар туралы әңгімелеу, балалардың кітапқа, кітап оқуға деген сүйіспеншілігін ояту, есте сақтау және актерлік қабілеттерін дамыту, таныстыру арқылы оқушыларды сұлулыққа баулу. Музыкалық мәдениет туындыларымен эстетикалық және интеллектуалдық тұрғыдан өзін-өзі жетілдіруге ынтасын арттыру.