«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мәдениет орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Жусупова Майым Галымовна есеп беру жиналысын өткізді.
Өз баяндамасында есепті кезеңдегі бастауыш кәсіподақ ұйымының қызметі туралы және кәсіподақ мүшелерін сауықтыруына, мәдени-көпшілік жұмыстарына ерекше көңіл бөлінгені туралы айтып кетті. Жиналыс соңында бірқатар кәсіподақ мүшелері сөз сөйлеп, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы М.Г. Жусупованың атқарған жұмыстарына және есебіне алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта кәсіподақ жұмысын жандандырып, одан әрі күшейтуге ықпал ететініне сенім білдірді.