Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Білімді ел

block1_eop.jpg?_=1495530396

BILIM LAND

block2_eop.png?_=1559641449

введите текст

введите текст

«Алайда кім болғаны емес, қалай болғаны маңызды»

Маңыздысы кім болу емес, қалай болу маңызды.  Кез келген адам ғалым, жазушы, суретші бола бермейді.  Бірақ әркім өз саласының ақыны, өнерпазы болуы керек.  В.А.Сухомлинский.  2023 жылдың 4 сәуірінде тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес «Ақан МББК» КММ жанындағы мектеп-интернатының оқушыларымен «Алайда кім болғаны емес, қалай болғаны маңызды» атты әңгіме өткізілді.  Мақсаты: кәсіби өзін-өзі анықтау негіздері туралы түсінік беру;  мансап жолын анықтауға көмектесу;  мамандық таңдауға оң мотивация туғызу.  Әңгіме басында оқушылар кезек-кезек мамандықтарын атайтын ойын ойнап, қиналса өз ұжымынан көмек сұрады.  Ойын мамандықтар туралы ақпараттық кеңістік құруға, топта жұмыс істей білуге ықпал етті.  Одан әрі балалар «Мен қалаймын, істей аламын, мен міндеттімін» формуласы бойынша сызылған мамандық таңдаудағы жағдаяттарға талдау жасады.  Сызбалардың үш формуласы берілді: 1- шеңберлер қиылыспайды, 2- қиылысудың шағын ауданы бар, 3- олар іс жүзінде бір-бірін жабады.  Балаларға кәсіби таңдаудың үш жағдайы ұсынылды, соған сәйкес олар сипаттама қай суретке қатысты екенін анықтауы керек. Балалар тапсырманы үлкен жауапкершілікпен қабылдап, барлық жағдайларды дұрыс сұрыптап шықты.  Әңгімелесу соңында «Сен және сенің мамандығың» және «Тағдыр қолы» тренингі өткізілді. Тренингтің мақсаты:оқушыларға кездейсоқ таңдаудың салдарын көрсету.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь