«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің алдында білім сапасының бәсекелестігін арттыру мәселесі алдыңғы орында тұр.
Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің алдында білім сапасының бәсекелестігін арттыру мәселесі алдыңғы орында тұр. Солтүстік Қазақстан облысының орта білім беру ұйымдарында «Білім алушылардың білім мен дағдыларын айқындау» өңірлік білім беру мониторингін жүргізу 2023 жылғы 17 сәуір мен 15 мамыр аралығында 3 және 7 сынып оқушылары арасында оқу жетістіктерін бақылау жүргізіледі. 3 сыныпта тапсырмалардың жалпы саны- 30 (10 оқу сауаттылығы, 10-математкалық сауаттылық, 10-жаратылыстану сауаттылығынан ) 30 тапсырмаға 1 сағат 15 минут және 7 сынып бойынша тапсырмалардың жалпы саны -50 (15 оқу сауаттылығы, 15-математикалық сауаттылық, 20-жаратылыстану сауаттылығы) бойынша 50 тапсырмаға 1 сағат 30 минут уақыт беріледі.
Мақсаты: оқушылардың білім сапасын арттыру және оқу жетістіктерінің деңгейін бақылау.
Ауданымыздан 2022-2023 оқу жылында аталмыш жобаға іріктеуден «Гусаковка орта мектебі» КММ қатысады. «Білім алушылардың білім мен дағдыларын айқындау» бойынша тестілеу компьютерлік форматта жүргізіледі. Ағымдағы жылдың 30 наурызында аудандық білім бөлімінің әдіскерлері Дюсенова Б.К.., Мырзахметова Г.С., Пачковская Е.А. «Гусаковка орта мектебі»КММ -де «Білім алушылардың білім мен дағдыларын айқындау» өңірлік білім беру мониторингін жүргізу бойынша 3 және 7 сынып оқушылары арасында әрі пән мұғалімдеріне де ақпарат жүргізіліп, оқушылардан бақылау тест алынды.