Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Білімді ел

block1_eop.jpg?_=1495530396

BILIM LAND

block2_eop.png?_=1559641449

введите текст

введите текст

"Жоғары лига"

13.03.2023 ж.
Жакупова Сая Биримжановна №2 Саумалкөл мектеп-гимназияның математика пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Сая Биримжановна - кәсіби білімі бар, педагогикалық және оқушылық қызметті талдау негіздерін меңгерген мұғалім. Ол әрқашан жұмысқа толық берілген, үнемі шығармашылық ізденісте, ілері ұмтылыста және орасан зор рухани жомарттықпен сипатталады..
Жоғары кәсібилік, құзыреттілік, жалпы эрудиция, балаларға деген сүйіспеншілік, өз кәсібіне деген адалдық – Сая Биримжановнаның айрықша белгілері.
Ол әрдайым әр оқушының жоғары үлгеріміне қол жеткізу, пәнді оқыту процесін қуанышты ету үшін жаңа, тиімді жұмыс әдістерін іздейді. Сабаққа мұқият дайындала отырып, Сая Биримжановна жалпы сыныптың өзіндік ерекшелігін ғана емес, сонымен қатар психологияны, жас ерекшеліктерін, әр оқушының әлеуетті мүмкіндіктерін ескереді, әр сабағында оқушыларға оқу процесіне дербестік пен шығармашылық қатысу сезімін беретін дидактикалық әдістерді табады және жүзеге асырады. Осы тәсілдері өз нәтижесін береді:
- Мамандандырылған және инновациялық мектептер үшін "Жоғары лига" олимпиадасында математика пәнінен 3 орын;
- республикалық ғылыми жобалардың облыстық кезеңінде 2 орын;
- математика пәні бойынша олимпиаданың облыстық турына қатысушысы.
Қазіргі уақытта ғылыми жобалардың республикалық турына дайындалуда.
Сая Биримжановнаға сәттілік пен табыс тілейміз.
8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Сая Биримжановна облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Лобанова Елена Владимировна, директордың оқу жөніндегі орынбасары.
 
 
 
 
 
 
 

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь