Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Білімді ел

block1_eop.jpg?_=1495530396

BILIM LAND

block2_eop.png?_=1559641449

введите текст

введите текст

«Шымырлық пен шеберлік»

«Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мейрамы» мерекесіне орай мектеп директорының ТІЖО Е. Алгожин , ұйымдастырушы-ұстаз Ж. Садыков және мектептің дене тәрбиесі мұғалімдері: Е. Шаймергенов,
А. Жарылгасов, А. Кусаинов,
М. Ибрашов, Е. Әбілмәжімнің жетекшілігімен «Шымырлық пен шеберлік» күніне орай, ұлттық спорт түрлері: асық ату, тоғызқұмалақ, дойбы, арқан тартыс, жаяу тартыс, садақ атудан оқушылар арасында мектепішілік сайыс ұйымдастырылды. Ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында шежіреге сүйеніп, жеті аталарын айтып таныстырған сайыскерлерге ойын барысында қауіпсіздік ережелері таныстырылды. Аудандық мәдениет үйінің өлкетану мұражайына арнайы барып, ата-кәсіп: мал шаруашылығы, аңшылық және тұрмыстық қажеттілікке жараған жәдігер-бұйымдар көрсетілді. Аталған мекемеде «Бес асық» ойыны өткізілді. Ауданымызға ардақты, ардагер-ұстаз Талғат Қасымұлы Жанахметов оқушыларға арнайы шақырылып, жеткіншектерге дәстүрлі салтымызбен Ақ батасын берді. Салтымызды сақтап, дәстүрімізді дәріптеп келе жатқан бүгінгі жас буын- ертеңгі ұлтымыздың ұланы болары хақ.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь