«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мейрамы" мерекесіне орайластырылып тәлімгер С. Ж. Жакупованың ұйымдастыруымен мектебімізде "Бұрымды қыз" байқауы өткізілді. Қазақ қызының қасиеті саналған бұрымды қастерлеу, күту және дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған байқауға қатысқан қыздар өз өнерлерімен бөлісті. Түрлі тапсырмаларды орындаған оқушылар ұпай сандарының ретіне қарай белгіленген марапатқа ие болды.