«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Наурыз мейрамы мерекесі қарсаңында «Ақан мектеп-бөбекжай-бақша кешені» КММ-де «Бірлік пен келісім жолында» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Оқушылар мерекенің тарихымен танысты, «Бір шаңырақ астында» бейнероликті тамашалады. Шабытпен Қазақстанға, халықтар достығына арналған өлеңдер оқыды, викториналық сұрақтарға жауап берді.Бірге қазақ және орыс тілдерінде достық туралы мақал-мәтелдерді еске түсірді. Сынып сағатының соңында балалар Қазақстанымызға бейбітшілік пен гүлдену тілегімен коллаж жасады.