Ағымдағы жылдың 14 наурыз күні «Тарих» және «География» пән мұғалімдерінің аудандық қауымдастығының жұмыс жоспары бойынша онлайн семинары болып өтті.
Семинардың тақырыбы: «Дарынды баланы анықтау және дарынды балалармен жұмыс жүргізудің әдістемелік негіздері»
Семинардың мақсаты: дарындылығы бар балалардың интеллектуалдық қабілетін дамыту, шығармашылық тұлғаларды қалыптастыру. Аталған тақырып көлемінде Дауқара орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Токишева Дамира Алтаевна, Лобанова орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Каримова Алия Акылбековна және Мәдениет орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Жалгасбаева Айгерим Нурхалиевна өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау