«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Білім бөлімінің жұмыс жоспары бойынша 13 наурыз 2023 жылы «Арықбалық орта мектебі» КММ-де «Оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында оқу үдерісіне енгізілген LS-технологиясының білім беру ұйымындағы көрсеткіштері» атты тақырыпта семинар өтті.

Сабақты зерттеу-сабақтың сапасын арттыратын үдеріс. Бұл үдеріс барысында ынтымақтастықтағы мұғалімдер оқу сапасын арттыру үшін, белгілі бір тәсілді қалай дамытуға болатындығын анықтап оқушылардың оқу үдерісін зерттейді. Аталған семинарға аудандық әдістемелік кабинетінің әдіскерлері мен мектеп директорлары қатысты. Аксеновка орта мектебінің директоры Утегенова Галия Куйлюбаевна «Сабақты зерттеу оқушылардың білім сапасын тиімді арттыру құралы ретінде» тақырыбы аясында коучинг жүргізді. Шалқар орта мектебінің директоры Сактаганов Манат Тимкенович «Lesson Study тәсілдерін енгізу мақсатында педагогтардың тәжірибесінде рефлексивті сауаттылықты қолдануы" және Саумалкөл №1 орта мектебінің директоры Туралинов Мырзабай Шарипович «Оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында оқу үдерісіне енгізілген LS-технологиясының білім беру ұйымындағы көрсеткіштері» тақырып бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.