«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Наурыз айының 9-ы күні, Айыртау ауданы прокуратурасының прокуроры Анарбай Қуаныш Ғанимұратұлы мектебіміздің жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Қуаныш Ғанимұратұлы кездесуді көрнекті мемлекеттік қайраткер, 1966-1984 жылдар аралығындағы Қазақ ССР-ның Бас Прокуроры, 1-дәрежелі мемлекеттік заң кеңесшісі Сейітов Өтеген Сейітұлының туғанына 100 жыл толуынан бастап, қайраткердің өткен жолынан мағлұмат берді.
1923 жылы 15 қыркүйекте Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Ақтоғай ауылында дүниеге келген Өтеген Сейітұлы
18 жыл еліміздің прокуратурасын басқарып, заңдылықты нығайтуға өлшеусіз үлес қосқан заңғар тұлға. Көрнекті қайраткердің мерейтойына орай биыл прокуратура органдары үшін «Сейітов жылы» жарияланды.
Келесі кезекте Қуаныш Ғанимұратұлы еліміздегі прокуратура қызметі жайлы, аталған мамандықты даярлайтын оқу орындары мен жұмысы туралы ақпарат беріп, қойылған сұрақтарға жауап берді.