Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Білімді ел

block1_eop.jpg?_=1495530396

BILIM LAND

block2_eop.png?_=1559641449

введите текст

введите текст

«Қосу және азайту» тақырыбында ашық сабақ

№2 Саумалкөл мектеп-гимназиясының бастауыш сыныптар арасында өтіп жатқан онкүндік аясында бүгін 1 «Б» сынып мұғалімі Именалинова А.К. математика пәнінен «Қосу және азайту» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ қашықтықтан «Zoom» платформасы арқылы өтті. Сабақ барысында Асем Куанышевна «Адасқан сандар», «Кім шапшаң?» «Ашық хат» әдістерін қолданып, оқушыларға « Сандарды өсу ретімен орналастыр», «Байланысты мысалдар құрастыр» атты қызықты тапсырмалар орындатты. Бағалау, кері байланыс жасауда «Бас бармақ» әдісін қолдарып, оқушылар өздерін бағалады.
Сонымен қатар 1 «Г» сынып мұғалімі Ганага Н.А. жаратылыстану пәнінен «Космос және астрономия» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ қашықтықтан «GeoGebra», «Google-форм», «Whatsapp» платформасы арқылы өтті. Сабақ барысында аспан әлемінің планеталары жайлы жұмбақтар шешіп, құпиялары жайлы викториналық сұрақтарға жауа берді. «GeoGebra» платформасымен жұмыс істеді, онда олар Күн жүйесінің планеталарын дұрыс ретпен орналастыру тапсырмаларын орындады. Сабақ соңында «Whatsapp» платформасы арқылы қорытындылап, жаңа ұғымды түсінгендерін көрсете алды.
Сулейменова Анар Советовна, бастауыш сынып мұғалімдерінің ӘБ жетекшісі.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь