2023 жылдың қаңтарында Айыртау ауданы бойынша 5 коворкинг – орталық (Рудный ОМ, Кирилловка ОМ, Гусаковка ОМ, Имантау ОМ) және 3 коворкинг – аймақ (Лобанов ОМ, Мәдениет ОМ, Антоновка ОМ) ашылды.
2023 жылдың қаңтарында Айыртау ауданы бойынша 5 коворкинг – орталық (Рудный ОМ, Кирилловка ОМ, Гусаковка ОМ, Имантау ОМ) және 3 коворкинг – аймақ (Лобанов ОМ, Мәдениет ОМ, Антоновка ОМ) ашылды.
Коворкинг – орталық пен аймақ мектеп қабырғасында білім алушылардың өзін-өзі дамыту және жетілдіру үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету мақсатында ашылады. Коворкинг орталықтары бірнеше бағытта жұмыс жасайды: біріншісі ұлттық құндылықтарды дамытуға бағытталған, екінші бағыт ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған, үшіншісі «Оқуға құштар мектеп» жобасы шеңберінде.
Коворкинг – орталықтарда зияткерлік және бос уақытты тиімді өткізу үшін, барлық қажетті жабдықтары бар аймақтар көзделген. Үстелдер, компьютерлер, принтерлер, сканерлер орналастырылып, бірлескен және жеке жұмыс аймақтары анықталды.Мұнда сынып сағаттарын, пікірталастарды, зияткерлік ойындарды, көрмелерді ұйымдастыруға мүмкіндік бар. Бұл оқушылардың демалуы үшін ыңғайлы орын.
Кітап сөрелерінде көркем және балалар әдебиеті бар, оқушылардың үзіліс кезінде отырып, демалып оқуға мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар орталықтарда орналасқан компьютерлер интернет желісіне қосылған, пайдаланушыларға қажетті кез-келген қызықты ақпаратты ала алады. Сондай-ақ әр түрлі сала үздектерімен кездесулер өткізуге, презентациялар және сан түрлі іс-шаралар өткізуге болады. Коворкинг орталықтарының (аймақтарының) басты мақсаты балаларда оқу мәдениетін қалыптастыру және оларды алған ақпараттарымен жұмыс істеуге үйрету.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер