«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ауған соғысы ардагері Хамзин Жұмабай ағамыз бен Чернобыль АЭС апатының алдын алу ардагері Мырзахметов Бейбіт ағамызбен кездесу
5-і күні, әскери педагог-ұйымдастырушы Ж. Қ. Садыковтың ұйымдастыруымен мектебімізде Ауған соғысы ардагері Хамзин Жұмабай ағамыз бен Чернобыль АЭС апатының алдын алу ардагері Мырзахметов Бейбіт ағамыз қонақта болып, 9-сынып оқушыларымен кездесу өткізді. 1979 жылы Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінде соғысқа араласуынан басталған соғыс 10 жылға созылған болатын. 1989 жылы Ауғанстан жерінен Кеңес әскері толық шығарылды. Жұмабай ағамыз жас жеткіншектерге Отанды сүю, Достың қадірі жайлы ұғым қалыптастырып, жауынгерлік жолын әңгімеледі.
Чернобыль қасіретінің зардабы туралы, қиын кезеңдері мен ауыр жолын, елге деген сағынышын Бейбіт ағамыз жас буынға әңгімелеп берді. Кесдесу барысында ардагер ағаларға сұрақтар қойып, біраз мәлімет алған оқушылар ағаларына алғыстарын айтып, тілектерін білдірді.