«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Оқуға құштар мектеп - ұлт оқырманы" бағдарламасы бойынша іс-шаралар жоспары аясында 4 сынып оқушылары арасында сынып жетекшісі Т.В. Пичугина және кітапханашы С. А. Ивановская "Пришвиннің әңгімелеріндегі тірі әлем" әдеби сағатын өткізді. Оқушыларға М. М. Пришвиннің туғанына 150 жыл толуына орай тұсаукесер көрсетілді, "М.М. Пришвинге қонақта" кітап көрмесі бойынша әдебиеттерге шолу жасалды. Балалар "Кірпі" әңгімесін тыңдап, әдеби викторинаға қатысып, соңында шығармашылық тапсырмаларды орындады.