Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Білімді ел

block1_eop.jpg?_=1495530396

BILIM LAND

block2_eop.png?_=1559641449

введите текст

введите текст

Дарынды бала – ел болашағы

Дарынды бала – ел болашағы
ХХІ ғасыр – білімділер ғасырында өзінің ерекше қабілеттерінің үйлесуінің нәтижесінде дарындылығымен ерекшеленетін жас білімпаздар, дарынды оқушылар біздің де Саумалкөл қазақ орта мектебінің қабырғасында білім алып, оқуларын дарынды балаларға арналған республикамыздың мектептерінде жалғастыруда.
Мектебіміздің оқушысы, қазіргі таңда «IQanat» қорының ауыл мектептеріне арналған білім беру бағдарламасымен елімізде алғаш ашылған Бурабайдағы мектебінде білімін жалғастырып жатқан 11-сынып оқушысы Абдуллаев Кенжебекті мектебііміз ерекше мақтан тұтады.
Кенжебек мектеп табалдырығын алғаш аттағаннан бастап ерекше көзге түскен оқушылардың бірі. Ол шет тілдерін үйренуде қабілеттілігімен, алғырлығымен ерекшеленді. Орыс, ағылшын тілдерін жоғары деңгейде меңгеріп, 2019 жылы жалпы пәндер бойынша республикалық олимпиадада орыс тілінен облыстық кезеңде ІІІ орынды иеленді. 2018 жылдың күзінде 9-сыныпта оқып жүргенінде «IQanat» олимпиадасының 1 кезеңінде ағылшын тілінен үздік нәтиже көрсетіп, келесі кезеңіне жолдама алды. ІІ кезеңде де барлық қатысушылардың арасынан үздік үштікке кіріп, 2019 жылдың шілде айында Нұр-Сұлтан қаласында өткен атаулы олимпиаданың республикалық кезеңіне қатысу мүмкіндігін иеленді. Республикалық кезеңге қатысқан 800 баланың арасынан іріктелген үздік 100 оқушының бірі атанып,ауданымыздан ең алғашқы боп IQanat High School of Burabay мектебіне оқуға түсті. Бұл мектеп 2020 жылдың қыркүйегінде ашылды. «Бурабай» курорттық аймағында ауылдан шыққан дарынды балаларға арналған ерекше мектеп-интернаты халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес салынған. Шортанды көлінің шығыс жағалауында орналасқан білім беру мекемесінің құрылысын кәсіпкер және меценат Айдын Рахымбаев қаржыландырды. IQanat High School of Burabay-да еліміздің барлық облысының ауылдарынан келген ең дарынды 184 оқушы Тұңғыш Президент қоры ұсынған гранттардың арқасында, сондай-ақ қазақстандық 60 қамқоршы кәсіпкердің қаржылық қолдауымен тегін оқып жатыр. Оқыту үш тілде жүзеге асады. Мұнда тек оқу үлгерімі жоғары оқушылар, физика, математика және ағылшын тілдері бойынша IQanat республикалық олимпиадасының жүлдегерлері таңдалды. Байқауға жыл сайын ауылдардан 35000-нан астам оқушы қатысады.
Кенжебек алдағы уақытта биік белестерден көрініп, еліміздің көркеюі мен өркендеуіне өз үлесін қосатынына сенімдіміз. Алдағы оқуына сәттілік тілеп, үздіктер қатарынан көріне беруіне тілектеспіз!
Жанар БАЙМҰҚАНОВА,
Саумалкөл қазақ ОМ-і директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары.
 
На изображении может находиться: 1 человек, стоит
 

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь