Елбасының «Қазақстан -2050» жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі. Салауатты өмір салты дегеніміз не? Ол әлеуметтік тұрмыстарды жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, зиянды әрекеттерден аулақ болу деген сөз. Ал өмір – өмір сүру үшін беріледі демекші жасөспірімдер арасындағы жат қылықтан аулақ болып, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жоғары сынып оқушылары және сынып жетекшілерінің қатысуымен ZOOM платформасында конференция өтті. Бұл конференцияда жасөспірімдерге мектеп инспекторы Джахина Ботакөз Ильбересовна мен әлеуметтік педагог Тақауова Жамал Задановна зиянды заттардың (темекі, насвай, алкоголь, нашақорлыққа тәуелділіктің) адам ағзасына кері әсерін беріп соңы ауыр дертке әкеліп соқтыратыны жайлы айтып өтті. Сонымен қатар сабақ уақыты мен кешкі уақыт аралығында көшеде жүрмеу керектігі ескертілді. Мектеп инспекторы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында да бірнеше мысалдар келтірді. Оқушылар сұрақтар қою арқылы нақты жауаптар алып отырды.
«Денсаулық – зор байлық», «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді дана халқымыз. «Өмірімізді ұзарту да қысқарту да өз қолымызда»
Өмірге адам бірақ рет келеді,
Жастық шағың өміріңнің кемелі.
Күте білсең саулығыңды өрелі,
Табиғаттың бергеннен көп берері деген сөзді тиек еттік.