«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қарақамыс негізгі мектебінде 14.08 -25.09 аралығында «Қауіпсіз мектеп ортасы» республикалық акциясы ұйымдастырылды. Мектептегі балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында мектеп ішінде 8-9- сынып арасында «Мен қылмысқа бармаймын - мен рухани бай елдің ұрпақтарымын» атты дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып өткізілді. Зорлық-зомбылыққа қатысты мектеп оқушыларымен іс-шаралар, сурет байқауы, әңгіме жұмыстары жүргізілді.