«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
ҚР БҒМ Балалар құқықтарын қорғау комитетінің Telegram мессенджеріндегі «BALA QORǴAÝ» чатына мектеп бітіруші түлек Дәрия Дарханқызынан «Мәртебелі мұғалім деген мамандық иелерін құрметтейік! Ұстаздарымыздың беделі мен абыройына сыйлық беріп нұқсан келтірмейік!» челленджі бастау алғандығы туралы хат келіп түсті.
Мектеп бітіруші түлектің бұл бастамасы орынды болғандықтан қолдап, Дәрияның хатын қалың оқырман назарына ұсынып отырмыз. Құрметті оқырман, Сіз де бұл челленджді қолдайды деген ниеттеміз!