Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Білімді ел

block1_eop.jpg?_=1495530396

BILIM LAND

block2_eop.png?_=1559641449

введите текст

введите текст

25 мамыр 2020 жыл

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, мектеп бітіруші түлектер, оқушылар!
Баршаңызды 2019-2020 оқу жылының аяқталуымен құттықтаймын! Соңғы уақытта елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты білім беру саласында үлкен өзгерістер болғанын бәріңіз де жақсы білесіздер. Осыған орай дәстүрлі білім беру жүйесінен жаңа форматта жұмыс істеуге көшу қажеттілігінің туындауына байланысты ІV тоқсанды қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып аяқтадық. Бұл - ұстаз, ата-ана, оқушы бірлесіп жұмыс істеудің нәтижесі. Ұстаз үшін өзгеріске тез икемделіп, көп іздену, тиімді тәсілді таңдау, сындарлы кері байланыс жасаудан тұрса, ата-ана үшін балаларының білім алуын ұйымдастыру ісінде жауапкершілігінің артуына, балаларына қолдау көрсетуіне септігін тигізді. Ал оқушы қауымы үшін дер кезінде білім игерумен айналысу, техникалық құралдармен жұмыс істеу дағдыларын тағы да бір шыңдаудан тұрды.
Мектеп ұстаздарының ерен еңбегі мен ата-аналардың шыдамдылығы арқасында жас ұрпақ қажетті білімді игере алды деп толық айта аламын. Сондықтан да Ұстаздарға осынау қиындығы мен қызығы қатар жүрген еңбек жолдарыңызға әрдайым жаңалық, жетістіктер тілеймін. Отбасыларыңыз аман, дендеріңіз сау болсын!
Ата-аналар, сіздердің жасаған көмек пен қамқорлықтарыңызға алғыс айта отыра, балаларыңыздың рахаты мен жылуына бөлене беріңіздер деген тілек айтқым келеді. Ал мектеп бітіруші түлектерге 11 жыл бойы алтын ұя-мектептен алған білім мен тәрбиелеріңді үлкен өмір жолында жұмсаңдар демекпін. ҰБТ-дан жақсы, жоғары балл жинап, жоғары оқу орындарының студенттері атанып, жаңа өмір иірімдеріне қадам басыңдар, үлкен асуларды бағындыруларыңа тілектеспін. Алтын ұя-мектептеріңді, аяулы ұстаздарыңды ұмытпаңдар! Оқушылар, сендер жазғы демалыстарыңда жақсы тынығып, жаңа жігер, рухпен келесі оқу жылының есігін аман-сау бәріміз бірге айқара ашайық!
Соңғы қоңырау сыңғыры естілмесе де, жүрегімнен шыққан ізгі лебізді қабыл алыңыздар! Біз біргеміз!
Т/б Мектеп директоры Олжабаева Мендигуль Олжабайқызы 25 мамыр 2020 жыл


На изображении может находиться: Кгу Саумалкольская Казахская Сш

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь